Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинадан эвакуацияланған өзбекстандықтар саны 6 мыңнан асты
20:09 / 2022-03-24

2022 жыл 24 наурыз күні Украинадан Польшаның Катовице әуежайы арқылы 146 Өзбекстан азаматы эвакуацияланды.

СІМ ресми өкілінің мәліметіне қарағанда 28 ақпаннан басталған эвакуация процесінде жалпы 24 наурызға дейін арнайы 27 әуе рейсі ұйымдастырылып, Украинадан Польша арқылы 6030 өзбекстандық елге әкелінді. 

Өзбекстанның Украинадағы Елшілігі (уақытша Львов қаласында орналасқан) Өзбекстанның Польшадағы елшілігімен бірлесе отандастармен тұрақты байланыста болып, оларды эвакуациялау жұмыстарын үйлестіруде.