Украинадан эвакуацияланған өзбекстандықтар саны 5,8 мыңнан асты
2022 жыл 15 наурыз күні Украинадан Польшаның Катовице әуежайы арқылы 250 Өзбекстан азаматы эвакуацияланды.
СІМ ресми өкілінің мәліметіне қарағанда 28 ақпаннан басталған эвакуация процесінде жалпы 15 наурызға дейін 26 әуе рейсімен Украинадан Польша арқылы 5 884 өзбекстандық елге әкелінді. Олар қатарында 700-ден астам 14 жасқа дейінгілер, 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жандар және 300 әйел азаматтар мен студенттер және еңбек мигранттары бар.
Өзбекстанның Польшадағы елшілігі тарапынан құжаты жоқ 322 азаматқа үйлеріне қайтуға сертификат жасап берген.