Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинадан эвакуацияланған өзбекстандықтар саны 2,5 мыңнан асты
11:39 / 2022-03-04

2022 жыл 3-4 наурыз күндері Польшаның Катовице әуежайы арқылы Украинадан 720 Өзбекстан азаматы эвакуацияланды.

СІМ ресми өкілінің мәліметіне қарағанда 4 наурыз күнгі жағдай бойынша 11 әуе рейсімен Украинадан Польша арқылы жалпы 2 579 өзбекстандық елге әкелінді.

Қазірде Польша аумағында 1480-нен астам Өзбекстан азаматы қалуда. Олардың 700-і Польшаның мемлекеттік шекарасындағы жиналу пунктінде және 780-і Катовице әуежайында.

Мамандардың айтуынша, Өзбекстан өз азаматтарын соғыс жүріп жатқан аймақтан көшіру үшін шұғыл шаралар қабылдаған санаулы елдердің бірі. Елге әкелуде көлік қызметін атқаратын барлық рейстер тегін орындалуда.

Бүгін тағы Катовице әуежайынан үш қосымша рейс күтілуде: сағат 14:30 және 16:00 және 5 наурызда 03:00 (Ташкент уақыты).