Украинадағы сайлау нәтижесі
Украинада өтіп жатқан президенттік сайлаудың екінші кезеңі бойынша
Украинада өтіп жатқан президенттік сайлаудың екінші кезеңі бойынша актер Владимир Зеленский 73,01% дауыс жиған. Ал Петр Порошенко болса 24,65% дауыспен шектелді.
Айта кету керек, осыған дейін қос үміткер арасында үлкен пікірсайыс өткен болатын. Бұл тіпті саяси сахнадағы ең үлкен шоу болды деуге де болады.
Дебат кезінде Владимир Зеленскийдің 2014 жылы Порошенко үшін дауыс бергенін айтып, бірақ бұл қадамның қате екендігін тілге тиек етті.
Петр Порошенко сайлау нәтижелері мәлім болғаннан кейін ол бұл сайыста жеңілгенін мойындап, президенттіктен кетсе де саясаттан кетпейтінін мәлімдеген.