Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинада әскери ұшақ апатқа ұшырап 22 екі адам қаза тапты
01:16 / 2020-09-26

Украинаның Харьков облысының маңында Ан-26 әскери ұшағының құлауы нәтижесінде бортында болған 22 жан қаза тапқаны хабарланды


Украинаның Харьков облысының маңында Ан-26 әскери ұшағының құлауы нәтижесінде бортында болған 22 жан қаза тапқаны хабарланды.

Оқиға 25 қыркүйек жергілікті уақытпен 20:45 өткенде болып, әуеден құлаған ұшақ Иван Кожедуба атындағы Харьков Әуе күштері университетінің курсанттары оқу жаттығуды орындау кезінде орын алған.

Украина ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенконың сөзіне қарағанда ұшақ бортында 28 адам болған. Қазірге дейін оның 22-сі қаза тауып, тірі қалған екі адам ауруханаға ауыр жағдайда жіберілген. Құтқарушылар әуе кемесінің апатқа ұшыраған корпусын бөлшектеуді жалғастыруда және басқа қаза тапқандар мен жарақат алғандарды іздеуде.

Осы жағдайға орай Украина президенті Владимир Зеленский жуық арада реакция білдіріп, оқиға орнына ертең жететінін айтты. «Біз жедел түрде қайғылы жағдайдың барлық себеп-салдарын тексеру үшін комиссия құрып жатырмыз. Мен тиісті тапсырманы премьер-министрге бердім. Іздестіру тобы қазірдің өзінде сол жерде жұмыс істеп жатыр. Ертең мен Харьков облысында боламын», - деп жазған өзінің телеграм каналында.