English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинада қайта жалпыұлттық карантин жарияланды
15:47 / 2020-11-16

Украина үкіметі 16 қарашадан бастап елде жалпыұлттық карантинді қайта енгізіп, жаңа шектеулер орнатты.

Шектеулер негізінен, іс-шараларға, кинотеатрларға және қоғамдық көлік қызметіне арналған болып, алдағы уақытта 20-дан астам адамнан құралған шараларды өткізуге, театрлар мен кинотеатрларда, дискотекаларда, мейрамханаларға келушілер санын жалпы сыйымдылықтың 50% -дан асыруға, сағат 22:00-ден 7:00-ге дейін мейрамханалар мен кофеханалар жұмысына тыйым салынады.

Егде жастағы жандарға сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат. Ал, демалыс күндері сауда орталықтары, спорт залдары, фитнес орталықтары, бассейндер мен театрлар толықтай жабық болады.

Азық-түлік дүкендері, дәріханалар, жанармай құю бекеттері, гигиена заттарын сатушы дүкендер, қаржы институттары және тамақ жеткізу қызметтері әдеттегі жұмысын жалғастыруына рұқсат етілген.