Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинада бір тәулікте COVID-19 өлімінің рекордты жағдайы тіркелді
14:37 / 2021-11-09

Украинада өткен тәулікте, яғни 8 қарашада коронавирустан 833 адам қайтыс болды, бұл бүкіл пандемия уақытындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ел Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі эпидахуал нашарлап бір тәулікте індет жұқтырған 18 988 жаңа жағдайы анықталған.

Жаңадан коронавирус жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Днепропетровск, Одесса, Харьков және Львов облыстарында байқалған.

Пандемия басталғалы бері Украинада 3 107 489 адам COVID-19 індетін жұқтырған болып, одан 2 537 565 адам сауығып шыққан және 73 390 адам қайтыс болды.