Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украинада автобустағы адамадарды тұтқынға алған азамат қолға түсті
01:36 / 2020-07-22

Қылмыскер автобусты тұтқынға алған соң президент Зеленскийге үндеу жасауын талап етіп онда ол 2005 жылда таспаланған «Земляне» (Жердегілер) фильмін көруін айтқан


Украинаның Луцк қаласында автобусты жолаушылар мен бірге тұтқынға алғаны азамат қолға түсті, енді ол ұзақ уақыт түрмеге қамалуы мүмкін.

1975 жылы Ресейдің Орынбор облысында туған Максим Кривош есімді азамат, автобус арнайы жасақ қоршауында қалғаннан кейін берілуге мәжбүр болған. Алдымен танкпен кейін микроавтобуста арнайы қызметтің екі тобы автобусқа жақындап, тұтқындағыларды босатқан және қылмыскерді залалсыздандырған.

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Twitter-дегі парақшасында Кривошты қолға алып оның жерге жатқызылған суреттерін жариялап, «Луцкта барлығы аман », - деп жазды. Содан кейін ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, қылмыскер көп жылдар бойы түрмеде отырғандықтан түрлі қылмыс жасауғада баратынын айтып оны алда ұзақ уақыт түрме күтіп тұрғанын және бір ғана киноны көрсету үшін бүкіл елді аяққа тұрғызудың қажеті жоқ еді. Онсыз да ол жақсы фильм, деген.

Максим Кривош автобусты жолаушылары мен бірге тұтқынға алғаннан кейін, президент Зеленскийге үндеу жасауын талап етіп онда ол 2005 жылда таспаланған «Земляне» (Жердегілер) фильмін көруін айтқан. Осы жағдайдан кейін Владимир Зеленский фезбук парақшасында бұл киноны көргендігін, оның жақсы туынды екенін жазды. Қылмыскер қолға түскеннен кейін бұл пост өшірілген.