Украина шетелдіктерге елге еркін кіруіне рұқсат берді
Украина шетелдіктердің мемлекет аумағына кіруіне қойылған тыйымды алып тастады
Украина шетелдіктердің мемлекет аумағына кіруіне қойылған тыйымды алып тастады.
Бұл туралы елдің шекара қызметі хабарында, мемлекет аумағына шетелдіктердің кіруіне 28 қыркүйектен рұқсат берілген болып «Шетелдіктерге Украина еліне кіруге тыйым салынбайды», - деген Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Андрей Демченко.
Демченконың айтуынша, шетелдіктер Украинаға аумағына кірерде өзін-өзі оқшаулауға немесе сақтандыру полисіне байланысты қойылатын талаптар жоқ.
Еске салар болсақ, 28 тамызда Украинаға шетелдік азаматтардың кіруіне тыйым салынған еді.