English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеусіз жолдама алуы мүмкін
12:01 / 2022-04-13

«Ливерпуль» клубының бұрынғы ойыншысы және бапкері Кенни Далглиш Украина командасына іріктеу матчтарына қатыспай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама беруді ұсынды.

«Ливерпуль» клубының бұрынғы ойыншысы және бапкері Кенни Далглиш Украина командасына іріктеу матчтарына қатыспай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама беруді ұсынды. 

The Scottish Sun басылымының дерегінше, спортшы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін турнирге жолдама беру Украинаға құрмет көрсетудің бір жолы болар еді деген. 

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина құрамасы маусым айында Шотландия құрамасымен ойнайды. Кездесудің жеңімпазы турнирдің финалына шығу құқығы үшін Уэльс құрамасымен кездеседі. Осы матчтағы жеңімпаз Қатар елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.

Бұған дейін британдық журналист Джим Уайт Уэльс пен Шотландия футбол құрамаларын Қатарда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы Украина құрамасының пайдасына беруге шақырған. Тілшінің айтуынша, барлығы украиндықтарды әлем чемпионатында көргісі келеді.