Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украина президентінің әйелі COVID-19 індетін жұқтырды
17:50 / 2020-06-12

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирустың елде тіркелгендер саны 29 753-ке жеткен


Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская коронавирус жұқтырғанын өз «Facebook» парақшасында жариялады.

Зеленскийдің отбасы толық COVID-19 індетіне тест тапсырып одан тек жұбайында ғана аурудың белгілері анықталған. Бірақ бірінші ханымның жағдайы өте жақсы екені және аурудың ешқандай әсері байқалмайтыны айтылып, қазірде ол отбасынан бөлек оқшауланған түрде амбулатория жағдайында емделуде, делінген мемлекет басшысы кеңсесінің «Telegram» каналында.

ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 7,2 миллионнан астам коронавирус жұқтырғандық жағдайы анықталып, оның 413 мыңнан астамы қайтыс болды. Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирустың елде тіркелгені 29 753 құрайды. Олардан 870 адам қайтыс болған болса, 13 567 адам емделіп шыққан.