Украина үкіметі Саакашвилидің реформалар жөнінде премьер-министрдің орынбасарлығына кандидатурасын мақұлдамады
Бұл жағдайдан кейін Саакашвилиді президент Владимир Зеленскийдің кеңесшісі болуы мүмкін деген қауесет айтылуда
Украина үкіметі Жоғарғы Рададан Грузияның бұрынғы перзиденті Михаил Саакашвилиді премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындау туралы бастамадан бас тартты.
Саакашвилидің кандидатурасы мақұлданбағаны жөнінде «Цензор.нет» бас редакторы Юрий Бутусов хабарлап, онда «Халық қызметшісі» фракциясы Саакашвилиді бұл лауазымға ұсыну үшін жеткілікті дауыс жинай алмады деген. Бұл бастама Зеленскийдің тікелей өзінен шығуына қарамай 248 депутаттың 170-ке жуығы оған қарсы дауыс берген.
Ал, бұл жағдайдан кейін «Украинская правда» басылымы Саакашвилиді президент Владимир Зеленскийдің кеңесшісі болуы мүмкін деп жазуда.