Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Украина елдің Еуропалық Одаққа кіруі туралы сауалнама толтырды
09:29 / 2022-04-19

Украина үкіметі елдің Еуропалық Одаққа кіруіне қатысты сауалнаманы толтырды.

Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква мәлімдеп, «Президент 9 сәуірде Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенге уәде еткендей, украин тарапы сауалнаманы бір аптаның ішінде аяқтады», - деді ол.

Жовкваның айтуынша Еурокомиссия Киевтен құжатты алғаннан кейін Украинаның ЕО-ға кіру критерийлері бойынша ұсыныстар дайындайтын болады және Киев маусым айында өтетін Еуропа кеңесінің отырысында Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесі беріледі деп үміт білдірген.

Еске салар болсақ, Украина президенті Володимир Зеленский 28 ақпанда Еуропалық Одаққа қосылу туралы өтінішке қол қойған болатын.