Уимблдон ұйымдастырушылары украиндық босқындарға қомақты қаржы бөледі
Уимблдон турнирін ұйымдастырушылар Украинадағы оқиғалардан жапа шегіп босқынға айналған азаматтарға қолдау көрсетуге шешім қабылдады.
Атаулы ұйым «Бейбітшілік үшін теннис ойындары» бастамасы мен Британдық Қызыл Крест аясында украиндық босқындарға қосымша 250 000 фунт стерлинг көлемінде қаржылық көмек көрсетпек.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Мертон мен Уондсвортта пана тапқан босқындар 3 шілдеден бастап Уимбдон кездесулерін тамашалауға рұқсат берілген.
27 маусымда басталған «Үлкен дулыға» турнирі 10 шілдеге дейін жалғасады.