Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Уимблдон турнирінде алаңға жанкүйерлердің кіруіне рұқсат берілді
11:38 / 2021-06-15

Англия астанасы Лондон қаласында 28 маусым мен 11 шілде аралығында өтуі жоспарланған «Үлкен дулыға» турниріне жанкүйерлердің кіруіне рұқсат берілді.

«Үкімет, денсаулық сақтау және жергілікті билік органдарымен тығыз ынтымақтастықта пилоттық іс-шаралардың келесі кезеңін бастаймыз. 28 маусымда старт алатын Уимблдон ойындарында алаңға 50 пайыз көрермен кіретін болады. Ал соңғы демалыс күндері Орталық кортта трибунаның сыйымдылығы максимум 15 мыңға жетпек. 

Бұл барлығының денсаулығы мен қауіпсіздігін ескере отырып, қазіргі жағдайда мүмкін болатын ең жақсы Уимблдон турнирін өткізуге деген амбициямызды орындауға мүмкіндік береді:  қонақтар, қатысушылар, қызметкерлер, БАҚ, шенеуніктер, жергілікті тұрғындар мен серіктестер - бұл біздің басым бағытымыз болып қала береді», - делінген турнирдің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.