Уимблдон: Джокович Кирьосты жеңіп, төртінші рет қатарынан чемпион атанды
Әлемнің үшінші ракеткасы сербялық Новак Джокович Уимблдон турниріне төртінші рет қатарынан чемпион атанды.
Ол финалда австралиялық Ник Кирьосты 4:6, 6:3, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты. Кезедесу 3 сағат 2 минутқа жалғасты.
Осылайша сербиялық теннисші атаулы турнирдіде төртінші рет қатарынан және жетінші рет жеңімпаз атанды.