Уимблдон-2020 турнирі өтпейтін болды
Өз тарихында Уимблдон сайысы үшінші рет өз мерзімінде өтпейтін болды
Теннис бойынша халықаралық төрт үлкен турнирдің бірі «Үлкен шлем» санатына жатушы Уимблдон турнирі 1945 жылдан беріге алғаш рет өз мерзімінде өтпейтін болды.
Лондон қаласында шым алаңды кордта осы жылдың 29 маусымнан 12 шілде аралығында өтуі жоспарланған 134-ші турнир әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты ұйымдастырушылар турнирді кешіктіруге шешім шығарып, 2021 жылдың 28 маусымы мен 11 шілде күндер арасында өтетінін жариялады.
Өз тарихында Уимблдон сайысы 1915-18 және 1940-45 жылдардағы екі дүниежүзілік соғыста ғана тоқтатылған еді. Міне енді бұл жағдай үшінші рет қайталанып отыр.