Угандада екі автобус соқтығысып, салдарынан 63 адам қаза тапты
Угандадағы үлкен тас жолда екі автобус соқтығысып, салдарынан 63 адам қаза тапты және апаттан бірнеше адам жарақат алды.
Arab News басылымының дерегінше, қайғылы оқиға Кампала–Гулу тас жолында болған.

Жүргізушілердің біреуі соқтығысты болдырмау үшін автобусты қапталға бұрған, алайда оның әрекеті «тізбекті реакцияға» себеп болып, кемінде төрт көлік басқарудан шығып, аударылып кеткені айтылған.
Жараланғандар Кирьяндонго ауруханасына және маңайдағы өзге де медициналық мекемелерге жеткізілген, алайда қаза болғандардың нақты саны мен олардың жарақаттарының ауырлығы туралы қосымша ақпарат берілмеген.