UFC: Шавкат Рахмонов пен Камару Усман жекпе-жек өткізеді
UFC-де әлемге танылған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кезекті кездесуін жартылай орта салмақта (77 келіге дейін) UFC чемпионы титулының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы өткізеді.
АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өтетін бұл турнирге бір айдан аз уақыт қалғанына қарамастан, UFC басшылары бұл жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі бар деп мәлімдеді.
Бұл айқас 2024 жылдың 7 желтоқсанындағы UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.