UFC Сауд Арабиясында алғашқы турнир өткізбек
UFC промоутерлік ұйымының басшылары Сауд Арабиясында турнир өткізу туралы келісімге келді.
UFC өзінің алғашқы турнирін Сауд Арабиясында 2024 жылдың 2 наурызында ел астанасы Эр-Риядтағы Kingdom Arena-да ұйымдастыратын болды.
Бұл турнир көру үшін ақылы (PPV) сатылмайды деген болжам бар. Турнир UFC Fight Night деңгейінде ұйымдастырылады.
Бұған дейін UFC араб елдерінің турнирлерін тек БАӘ-де ұйымдастырып келген.