UFC президенті Ұлыбританияда турнир өтетінін хабарлады
UFC президенті Дана Уайт Ұлыбританияда турнир өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Бізде ауыр және жартылай орта салмақтағы ағылшын чемпиондары, сондай-ақ көптеген еуропалық жұлдыздар бар. Бізде жекпе-жек, турнир карталарын жасайтын бірнеше командалар бар. Осылай жиналып, турнир өткіземіз», деген Дана Уайт.
Оның айтуынша, бұл турнир Англияда болады.
Еске сала кетейік, UFC соңғы рет Ұлыбританияда 2023 жылдың 18 наурызында турнир өткізген еді.