Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
UFC 249 турнирі коронавирус себеп кейінге қалдырылды
15:44 / 2020-04-10

Бұған дейін Хабиб Нурмагомедов американдық Тони Фергюсонға қарсы октагонға шықпауын мәлімдеген еді


18 сәуір өтуі жоспарланған UFC-дің 249 турнирі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды
.

Промоушен жекпе-жек өтетін қауіпсіз орын тапқанымен бұл турнир өтпейтін болған. Мұны UFC президенті Дана Уайттың өзі мәлімдеді. Дерлік екі айдан астам уақыт өтуі нақты белгіленген болсада соңғы ай мерзімінде әлемдік пандемияның өршуіне орай бұл турнирдің болуынан болмауы көбірек болжанған болатын.

Турнирдің ресми түрде кешіктірілгенін жариялаған Дана Уайт өз сөзінде: Біз жекпе-жекті өткізуге дайын едік, бірақ бізге жоғарыдан қоңырау соғылып, онда турнирді тоқтатуымызды айтты, деген.

Еске сала кетсек, өткен аптада ресейдік жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек спортының чемпионы Хабиб Нурмагомедов американдық Тони Фергюсонға қарсы октагонға шықпауын коронавируспен байланыстырған болатын. Осы жағдайдан кейін турнир ұйымдастырушылары оның орнына Гетжи Жастинді шығармақ болып, жекпе-жекте кім жеңсе сол осы жылдың күзінде қазіргі чемпион Хабибпен төбелеседі деп мәлімдеген еді.