UFC 249: Тони Фергюсон техникалық нокаутқа ұшрады
Бірнеше рет өтуі кешіккен UFC 249 турнирінің соңы күтпеген нәтижемен аяқталды
Бірнеше рет өтуі кешіккен UFC 249 турнирінің соңы күтпеген нәтижемен аяқталды.
Флорида штатындағы Джексонвилл қаласында өткен UFC 249 турнирінің негізгі жекпе-жегі Тони Фергюсон және Джастин Гэтжи арсында жеңіл салматқағы уақытша чемпиондық белбеуі үшін өтті. Төбелестің соңғы раунтында Фергюсон бірнеше ауыр соққы жіберіп алуының нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша 31 жасар американдық спортшы өзінің 24 кездесуінде 22 жеңісіне қол жеткізді. Енді оның келесі қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы мүмкін.
Бұған дейін екі салмақтағы экс-чемпион Конор Макгрегодың менеджері осы жекпе-жектің жеңімпазы Макгрегордың келесі қарсыласы болуы мүмкін деген еді.