Өзбекстандағы әуежайлар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қайта жаңартылатын болады.
«Республика әуежайларын басқару саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту туралы» Президент Жарлығына сай, ел аумағындағы әуежайлар серіктестік негізінде қайта жаңартуда тиісті жұмыстарды орындағаны үшін үш жылдық мерзімге жеңілдіктер қарастырылған:
жеке серіктестер әкелетін көлік құралдары, жол-құрылыс машиналары, механизмдер, жабдық, шикізат, қосалқы бөлшектер, тораптар, технологиялық және жобалық құжаттар, бағдарламалық жасақтама кедендік баж салығынан босатылады;
- көлік құралдары мен арнайы техникаға арналған кәдеге жарату төлемдерінен босатылады;
- жеке серіктестер мен әуежайлар табыс салығын, соның ішінде дивидендтерден ұсталатын салықты 50% мөлшерінде төлейді;
- әуежайлар үшін мүлік салығының белгіленген ставкасы 50% төмендетіледі.