Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Уестон Маккенни АҚШ ұлттық құрамасынан шеттетілді
11:18 / 2021-09-08

«Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы COVID-19 хаттамасын бұзғаны үшін АҚШ ұлттық құрамасынан шеттетілді.

ESPN мәліметінше, американдық ойыншы СOVID-19 хаттамасын екі рет бұзған. Бастапқыда ол бапкерлер рұқсатынсыз ұлттық құрама лагерінен өз еркімен кетіп қалып, содан кейін ол бейтаныс адамды ертіп келген.

АҚШ құрамасының бас жаттықтырушысы Грегг Берхалтер Маккеннидің бұл әрекеті үшін оны ұлттық құрамадан шеттеті және жартылай қорғаушы 9 қыркүйекте 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында өтетін Гондурасқа қарсы кездесуде алаңға шықпайтын болды.

Маккенни - АҚШ құрамасының үздік футболшыларының бірі. Ол құрама команда сапында 25 рет алаңға шығып, 7 рет гол соққан.