Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
УЕФА жаңа жазғы Чемпиондар лигасы турнирін ұйымдастыруды жоспарлауда
08:09 / 2020-03-06

«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Челси», «Арсенал», «Ливерпуль» және «Тоттенҳэм» бұл идеаға қолдау білдірген


Футбол қауымдастығы (УЕФА) қазіргі уақытта американдық «Revelent Sports» компаниясымен бірлесе футболдадағы жарыстар санын тағыда көбейту мақсатында жаңа жазғы маусым Чемпиондар лигасын ұйымдастыру үстінде жұмыс жүргізуде.

Бұл жарыс 2013 жылдан бастап «Revelent Sports» тарапынан ұйымдастырылған "Халықаралық Чемпиондар кубогы"ойындарына ұқсас келеді. Осы турнирді бастау 2021 жылға жоспарланған болып, келісімшарт 8жылға жасалмақ. Жарыс ең алдымен АҚШ-та сосын Азия елдерінде өтеді. Осынау турнирге қатысушы үздік топ-клубтар өзінің негізгі құрамымен ойынға түсуге келісіп, «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Челси», «Арсенал», «Ливерпуль» және «Тоттенҳэм» бұл идеаға қолдау білдірген.

Соңғы жылдары УЕФА еуропалық ұлттық құрамалар арасында өтетін қызықты Ұлттар лигасы турнирін ұйымдастырып, жақында атаулы жарыстың биыл өтер екінші маусымдық ойындары анықталды.