УЕФА Суперкубогы үшін өтетін матчқа арнайы доп жасалды
УЕФА «Бавария» және «Севилия» клубтарының Суперкубок үшін өтетін кездесуіне арнайы аладоп әзірледі
УЕФА «Бавария» және «Севилия» клубтарының Суперкубок үшін өтетін кездесуіне арнайы аладоп әзірледі.
Суперкубоктың ресми кездесуінде ойналатын допта футбол одағының қайырымдылық жобаларына қатысатын 9 елдің (Чехия, Венгрия, Германия, Словения, Португалия, Нидерланды, Литва, Испания және Швейцария) 18 бүлдіршіні сызған суреттер салынған. Онда бейнеленген суретте осы балаларға футболдың олар үшін нені білдіретінін кескінделген.

Еуропа лигасында жеңіске жеткен «Севилья» және Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Бавария» арасындағы Суперкубок матчы 24 қыркүйек күні Будапештте өтеді.