УЕФА Суперкубогы Италияның Удини қаласында өтеді
УЕФА 2025 жылғы Еуропа Суперкубогының өтетін орны туралы мәлімдеді.
Биылғы маусымда Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында жеңіске жеткен командалар арасындағы кездесу Италияның Удини қаласындағы «Фриули» стадионында өтеді. Матч 2025 жылдың 13 тамызына белгіленген.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Польшаның Варшава қаласында «Реал» мен «Аталанта» командалары арасында өткен Еуропа Суперкубогі кездесуінде Мадрид клубы 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.