English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
УЕФА «ПСЖ» мен «Стамбул» арасындағы матчтың өтетін күнін жариялады
12:09 / 2020-12-09

Еуропалық футбол қауымдастығы «ПСЖ «мен «Стамбул Башакшехир» арасындағы Чемпиондар лигасының 6-тур матчқа қатысты реакция білдірді.

Париждегі матчтың 13-ші минутында бас төрешінің көмекшісі румыйниялық Себастьян Чолтеску Стамбұлдық команда бапкерінің көмекшісін «анау қара жігітті» деп атағаннан кейін жанжал туындағаны белгілі.

Осы жағдайдан кейін түркиялық команда штабы ойынды жалғастырудан бас тартты. Бұл жағдайды екінші команданың кейбір ойыншыларыда құптап, расизм жайлы мәселе көтерген көмекші төрешіні төрешілер штабынан шығаруын айтқан.  

- УЕФА Париждегі матчтағы оқиғадан хабардар және арнайы тергеу жүргізеді. Футболда нәсілшілдіктің кез-келген түріне орын жоқ, делінген ұйымның хабарламасында.

УЕФА шешіміне сәйкес матч 9 желтоқсанда өтеді және ол кешегі матчтағы тоқтаған 13 минуттан басталады.