УЕФА Жастар лигасы коронавирусқа байланысты өтпейді
УЕФА 2020/21 маусымға арналған Жастар лигасын коронавирус пандемиясына байланысты өткізбейтін болды.
УЕФА Атқарушы комитетінің хатында Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз кешуі туралы айтылып, бұл өз кезегінде елдер арасындағы саяхаттарға қиындықтар туғызады делінген.
«Қатысушы клубтардың қозғалысына және олардың кездесулерін ұйымдастырудың қиындығына айтарлықтай шектеулер бар. Жарыстың басталуын қайтадан кейінге қалдыруға болмайды және жас ойыншылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болуы керек.»
Бұған дейінгі мәліметте, Жастар лигасында маусымның басталуы көктемге ауыстырылды деп жарияланды және жарыстың форматы тек плей-офф ойындарын қамтитындай өзгертілген болатын.