Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
УЕФА Ибрагимовичке қатысты тергеу бастады
11:39 / 2021-04-28

УЕФА «Милан» клубы және Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичке қатысты тергеу бастады.

Ұйымның хабарлауынша, 39 жастағы футбол майталманы букмекерлік кеңсеге қатысы бар деген күдікке ілінген. Ал, бұл жағдай УЕФА заңдарына қайшы келеді. Сол себепті осы іске қатыстылығын анықтайтын және тергеу жүргізетін инспектор тағайындалған.

Ереже бойынша, букмекерлік компанияларда үлесі бар ойыншылар ФИФА мен УЕФА қаржыландыратын жарыстарға қатыса алмайды. Заң бұзғандар 3 жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін.

Бұған дейінгі хабарларда Златан 2018 жылдан бері Bethard букмекерлік кеңсесінің 10 пайыздық үлесіне иелік етіп отырғаны айтылды. Ол толықтай өзіне тиесілі Unknown AB фирмасы арқылы компания құқықтарына иелік еткен.