УЕФА Еуропа лигасы ширек финалының қарымта кездесулер нәтижесі
Қарымта кездесулер нәтижесі бойынша Наполи өз алаңында Арсеналға есе жіберді
Қарымта кездесулер нәтижесі бойынша Наполи өз алаңында Арсеналға 0:1, (0:2) есебінде есе жіберген болса, Германияда Айнтрахт Франкфурт қонақтарды 2:0, (2:4) есептік көрсеткішпен жеңіп, алғашқы ойын нәтижесіне сәйкес қонақта соққан голдың арқасында келесі кезеңге жол алды.
Ал Испанияда Валенсия өз майданында Вильярреалды 2:0,(3:1) есебімен жеңсе, Англияның Челси футбол командасы лондонда Чехияның Славия Прага клубын қабылдап 4:3, (1:0) көрсеткішімен басым түсіп келесі кезеңге өтті.
Сонымен келесі жартылай финал ойындары 2 мамырда, «Айнтрахт Ф» - «Челси» арасында өтсе, екінші кездесу «Арсенал» - «Валенсия» арасында өтеді.