Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
УЕФА: ДДСҰ-ның футбол жарыстарын 2021 жыл соңына қалдыру жөніндегі хабар жалған
21:32 / 2020-04-22

Жалған ақпарат Бразилияның «Placar» журналынан тараған


Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) айтқан Халықаралық футбол жарыстарын 2021 жыл соңына дейін қалдыру жөніндегі ұсынысты жоққа шығарып, ақпаратты жалған деп мәлімдеді.

Өз кезегінде ДДСҰ-да мұндай мәлімдеме жасамағанын айтқан. Бірақ, фейк ақпаратта айтылғандай 16 сәуірде УЕФА және Еуропаның жетекші клубтары қатысуында өткен бейнеконференциялы жиында өз өкілдері қатыссада дәл мына ұсынысты айтпағанын ресми мәлімдеген. Жалған ақпарат Бразилияның «Placar» журналынан тараған болып, УЕФА-да, ДДСҰ да атаулы басылымға сұхбат бермеген болып шықты.

Әлемдік пандемия жағдайы жақсы жаққа өзгеретін болса, УЕФА Еурокубоктар кездесулерін тамыз айының 7 жұлдызынан бастап әр үш күн сайын матчтарды өткізіп финалдық ойынды 29 тамызға жоспарлауда.