Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф форматын өзгертуді қарастыруда
12:25 / 2022-04-28

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы Чемпиондар лигасының плей-офф форматын өзгертуді қарастыруда.

The Times дерегінше, турнирдің жартылай финалдық кезеңінде әдеттегі екі матчтық кездесудің орнына «Төрттік финал» енгізілуі мүмкін.

Чемпиондар лигасында «Төрттік финалды» өткізу ережесі 1/2 финалдық кезеңде командалар екі кездесу орнына 1 ойын нәтижесімен келесі кезеңге өтеді. Бұл ретте жартылай финал мен финалды бір апта ішінде бір қалада өткізуді жоспарлауда. 

Чемпиондар лигасының плей-офф форматын реформалау туралы ұсынысты Еуропалық клубтар қауымдастығы ұсынған.

Сайт мәліметіне қарағанда, 2024/2025 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасын өткізу жүйесіндегі ықтимал өзгерістер туралы айтылуда. Дәл осы маусымнан бастап ең беделді еурокубок турниріне қатысушылар саны 36 клубқа дейін артады.