УЕФА Чемпиондар Лигасының 2-тур ойындары
Европа жасыл алаңдарында өткен Чемпиондар Лигасының 2-тур ойындарының екінші күнгі матчтары аяқталды.
Кеше Европа жасыл алаңдарында өткен Чемпиондар Лигасының 2-тур ойындарының екінші күнгі матчтары аяқталды.
Кездесулердің орталық ойыны Каталонияның «Барселона» клубы мен Миланның «Интер» клубы арасында өтті. Қонақтар алғашқы сәттен-ақ оңтайлы мүмкіндікті қалт жібермей, алаң иелері қақпасына гол соқты. Барселона қанша тырысса да алғашқы тайм 0:1 есебінде аяқталды.
Үзілістен соң алаң иелері Интер қақпасына екі гол салып, уругвайлық шабуылшы Луис Суарестің дубльінің арқасында жеңіске жетті.
Англияда Ливерпуль, Австрияның Зальцбург клубын қабылдап 4:3 есебінде жеңісті тойлады. АПЛ-дің тағы бір грант клубтарының бірі Челси сырт алаңда Лилльді жауапсыз екі доп айырмасымен артта қалдырып кезектегі үш ұпайды еншілеп қайтты.
2-ші тур ойындарының қорытындысы:
Барселона – Интер 2:1
Ливерпуль – Ред Булл 4:3
Лилль – Челси 1:2
Генк – Наполи 0:0
Зенит – Бенфика 3:1
Валенсия – Аякс 0:3
Рб Лейпциг – Лион 0:2
Реал Мадрид – Брюгге 2:2
Аталанта – Шахтер Донецк 1:2
Ювентус – Байер 3:0
Црвена Звезда – Олимпиакос 3:1
Тоттенхэм – Бавария 2:7
Манчестер Сити - Динамо Загреб 2:0
Локомотив Москва – Атлетико 0:2
Галатасарай – ПСЖ 0:1
Славия Прага – Боруссия Д 0:2