УЕФА «Барселона» клубына айыппұл салды
Каталонияның «Барселона» клубы Еуропа чемпиондар лигасының ширек финалында «ПСЖ» клубынан ұтылып, жарыстан шығып қалды.
Матчтан кейін Париж клубы УЕФА-ға шағым хат жолдаған. Онда «Барселона» жанкүйерлерінің ойыншы Осман Дембелеге қатысты нәсілшіл қимылдар жасап, балағаттағаны жайлы айтылған.
Алғашқы ойынға дейін-де «Барселонаның» екі жанкүйері нацистік қимылдар жасағаны үшін қамауға алынған еді.
Нәтижесінде УЕФА Барселонаға 32 мың еуро айыппұл салды. Сондай-ақ, келесі жыл ішінде мұндай жағдай қайталанса, «каталондықтардың» жанкүйерлері келесі сырт алаңдағы ойынға жіберілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалға өткен «ПСЖ» финалға жолдама үшін «Боруссия D» командасымен кездеседі.