УЕФА 2024 жылдан старт алатын Чемпиондар лигасының жаңа маусымында топтық кезең болмайтын форматты жариялады.
Турнирдің жаңа форматына сай, клубтар саны 32 ден 36-ға дейін артып, олар Еуропа лигасына шығалмаған элиталы клубтарға орын береді.
Жаңа форматта топтық кездесулер орнын бірыңғай лига басады. Ондағы үздік 8 команда плей-офф кезеңіне өтеді. Қалғандары іріктеу плей-оффына қатысады. Жаңа маусымда командаларға кем дегенде 10 ойынға кепілдік берілуі қарастырылған. Осыған орай клубтардың табысы де өседі.
Дәл осы форматқа ұқсас Еуропа лигасының (жалпы турда кем дегенде 8 ойын) және Конференция лигасының (6 кездесу) форматы да өзгереді. Алдағы өтетін келіссөздер нәтижесінде осы екі турнирдегі командалар саны 36-ға жетуі мүмкін.
Айта кету керек, кеше футбол әлемінде жаңадан тағы бір Еуропа Суперлигасы турнирі құрылғаны ресми түрде жарияланды. Оған қазірдің өзінде Еупораның ТОП 12 клубы қатысуға ниетті. Ал, бұл турнирдің футболға енуіне УЕФА мен ФИФА қарсы екенін айқын көрсетіп, осы жарысқа қатысатын футболшыларды Әлем чемпионаты мен Еуропа жарыстарына қатыстырмайтынын мәлімдеуде.