Әуе флоты күніне орай Шыршықта авиашоу ұйымдастырылды
Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі Өзбекстанда Әскери-әуе күштері күні ретінде кеңінен атап өтіледі.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша,атаулы датаға байланысты Ташкент әскери округіне қарасты «Шыршық» әскери-далалық полигоны аумағындағы орталық алаңда мерекелік шара ұйымдастырылды.


Мерекеге Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-әуе күштері қолбасшылығының әскери қызметшілері, олардың отбасы мүшелері, авиация әуесқойлары жиналды.
Ұшулар барысында жауынгерлік және әскери көлік ұшақтары мен тікұшақтарының ұшқыштары өз шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туының бейнесін әскери ұшақтар аспанда бейнеледі.













ӨзА