U-23 Азия кубогының іріктеу ойындары Өзбекстанда өтеді
Азия футбол конфедерациясы 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының іріктеу кезеңін қабылдайтын елдердің тізімін жариялады.
Өзбекстан Олимпиада құрамасының топтық кездесулері 4-12 қыркүйек аралығында Өзбекстан футбол алаңдарында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «AFC U-23 Asian Cup Qatar 2024» топтық кезеңінің іріктеу ойындары Бахрейн, Қытай, Индонезия, Иордания, Оңтүстік Корея, Кувейт, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд Өзбекстан және Вьетнам елдерінде ұйымдастырылуы белгіленген.
Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі осы жылдың 25 мамырында Куала-Лумпурдағы АФК штаб-пәтерінде онлайн режимде өтеді.
23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық ойындары 2024 жылы Қатарда өтеді.