Жастар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты уақтылы өтпей, турнир басқа елге көшілуі мүмкін.
ФИФА жоспары бойынша Индонезия қабылдайтын турнирдің жеребе тарту рәсімі 31 наурызда Бали аралдарының орталығы Денпасар қаласында өтуі керек. Бірақ салтанатты рәсімге бір аптадан аз уақыт қалды, ФИФА жеребе тарту барысы туралы ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.
«Футболиум» арнасының хабарлауынша, 20 жастағы футболшылар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі 31 наурызда өткізілмейді деген ақпарат бар. Индонезия футбол федерациясының турнир өтетін қалалардың бастапқы тізіміне өзгертулер енгізуді сұраған, ФИФА оны қайтадан бекітуі керек.
Индонезиялық журналистердің айтуынша, Бали провинциясының губернаторы саяси себептерге байланысты Израиль жастар құрамасының аралда ойнағанын қаламайды. Жергілікті тұрғындар да осы мәселеге байланысты бірнеше рет қоғамдық шерулер өткізген.
Белгілі футбол сарапшысы Алишер Никимбаев 2023 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінің 31 наурызда өтетін уақытын ауыстыру, кем дегенде, 20 мамырға жоспарланған бұл жарыстың басталуын кейінге қалдыруы мүмкін деп жазған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы U-20 әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған.