Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстаннан әкелінген салмағы 32 келі есірткі заттары тәркіленді
13:55 / 2026-01-06

ӨР Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Ферғана облысы бойынша басқармасы қызметкерлері кеден және ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел іс-шара барысында Тәжікстан Республикасынан контрабандалық жолмен әкелінген есірткі заттары тәркіленді.

Хабарда айтылуынша, есірткі саудасымен айналысқан, 1984 жылы туған азаматтың Қоқан қаласындағы тұрғын үйі тексеру нәтижесінде үйдің асханасынан 4 кг 572 г апиын және 1 кг 58 г гашиш табылып, процессуалдық тәртіпте ресімделген.

Сондай-ақ, оған тәжікстандық наркосатушылар WhatsApp мессенджері арқылы жолдаған геолокация бойынша бұрын Данғара ауданы аумағында жасырылған 9 кг 980 г апиын заттары айғақ ретінде тәркіленіп, бұдан бөлек, есірткі заттарын қайта өңдеп, тұтынуға дайындауға көмектескен, Қоқанда тұратын 1969 жылы туған азаматтың өз үйінде нарколаборатория ұйымдастырғаны анықталып, одан 7 кг 226 г апиын алынды.

Тағы бір жағдайда Қоқан қаласы аумағында 1980 жылы туған жергілікті азамат басқарған «Lacetti» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктен бұрын 34 мың АҚШ долларына сатып алынған 5 кг 22 г апиын табылған.

Кейін жедел іс-шара жалғастырылып, оған есірткіні сатқан 1985 жылы туған қала тұрғыны және оның қылмыстық серігі – 1985 жылы туған Тәжікстан азаматы ұсталды. Сонымен қатар, тәжікстандық азаматтың Өзбекстан ауданындағы үйінен 2 кг 362 г апиын тәркіленді.

Қоқан қаласында тіркелген тағы бір жағдайда «Nexia» маркалы автокөлік тоқтатылып, куәлардың қатысуымен тексерілкенде, көлікте жолаушы ретінде келе жатқан, 1992 жылы туған азаматқа тиесілі сөмкеден 982 г гашиш табылды.

Анықталғандай, ол есірткі затын бұрын тәжікстандық наркокурьерлер Қоқан қаласы аумағында жасырған құпия жерден алған.

Ферғана қаласында жүргізілген жедел іс-шара барысында 2000 жылы туған азамат Тәжікстаннан әкелінген 989 г гашишті сатып алушыға 150 млн сумға сату кезінде айғақ заттармен ұсталды.

Қазіргі уақытта барлық дерек бойынша құқықбұзушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 246 және 273-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған да, тергеу амалдары басталған.