Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстандағы Жер сілкінісінен 94 үй қирады
16:35 / 2025-04-15

Тәжікстанның шығысында жексенбі күні қатарынан бірнеше рет орын алған жер сілкіністері салдарынан 94 үй толықтай қирады.

Бұл туралы ел үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарысты басқару орталығы хабарлады.

Бұған дейін Рашт аймағында жер сілкінісі салдарынан үш жасар баланың қаза тапқаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Ресми деректерге сүйенсек, 200-ден астам қосалқы ғимарат — мектептер, медицина мекемелері мен шайханалар — бүлінген немесе мүлде қираған.

Ұлттық ғылым академиясының Геофизика қызметінің есебінде 2025 жыл 13 сәуірде сағат 09:24-те ел аумағында күшті жер сілкінісі тіркелгені айтылған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5-6 баллды құрап, зілзала ошағы Душанбе қаласынан 160 шақырым солтүстік-шығыста орналасқаны анықталған. Сол күні табиғи апат үш мәрте қайталанғаны сезілген.