Кинематография агенттігінің бастамасымен 19-22 мамыр күндері Тәжікстан Республикасында «Өзбек киносының күндері» өтеді.
Мәдени іс-шара аясында тәжік киносүйер көрерменіне өзбекше «Ильхақ, «Рангсиз тушлар», «Халқ юраги», «Ҳамкорлик бўйича навбатчи», сондай-ақ «Келинлар қўзғолони», «Сехрли сандиқ» сынды фильмдері көрсетіледі.
Өзбек киносы күндерінің ашылуы 19 мамырда сағат 19.00де Душанбедегі «Навруз» киносарайында өтеді. Осы бағдарлама аясында өзбек киногерлерімен кездесулер, ынтымақтастық жобалар, дөңгелек үстелдер, тарихи ескерткіштерге саяхат және басқа да ойын-сауық шаралары орын алған.
Мемлекет басшысының Тәжікстан Республикасына сапары қарсаңында ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шарада Өзбекстанның мәдени мұраларын сақтау, зерттеу және насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік қоғамның арнайы жобасы - «Әлемдік коллекциялардағы Өзбекстанның мәдени мұрасы» сериясымен шыққан кітаптар мен альбомдардың тұсаукесері де өтеді.