Тәжікстанда толассыз жауған жаңбырдан 13 адам қаза тапты
Тәжікстанда нөсер жауын салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлады президент Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі.
«Кеше қатты жауған жаңбырдың салдарынан Вахдат пен Рудаки облысында табиғи апат болып, салдарынан 13 адам, оның ішінде Вахдат қаласында 11 адам және Рудаки облысында 2 адам қаза тапты», - делінген хабарламада.
Тәжікстан басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, Премьер-министр, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті, басқа да тиісті құрылымдар мен органдарға табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді және табиғи зілзаланың зардаптарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.