Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстанда COVID-19 коронавирусы 15 күннен бері ешбір кісіде анықталмады
13:14 / 2021-01-26

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда елде 15 күннен бері COVID-19 індетін жұқтырған азамат тіркелмеген.

Avesta проталында жарияланған хабарда президент Эмомали Рахмон ел парламентіне жолдауында «Тәжікстан коронавирусты жеңді» деп айтқан. 

Тәжікстан басшысы медициналық қызметкерлерге COVID-19 пандемиясы кезіндегі адал жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп: «Біздің азаматтар шыдамдылық пен даналық танытты, үрейге бой алдырмады, қиын күндерде медицина қызметкерлері олардың отбасыларына қолдау көрсетті, бұл үшін мен оларға шексіз алғысымды айтамын. Қаңтар айының басынан бері елімізде коронавирустық инфекцияның тіркелмегеніне және бізде коронавирус жоқ деп сеніммен айта аламыз», - деген.

Сондай-ақ президент тәжік азаматтарын жағдайға немқұрайлы қарамай жеке гигиеналық тәртіпті сақтау мен кейбір жағдайларды ескеруін ұмытпауға шақырған.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше пандемия басталғалы Тәжістанда 13 308 кісіде індет анықталған. Бүгінге дейін оның 13 218 сауығып, 90 кісі көз жұмған.