Тәжікстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның барлық дерлік облыстарында сезілді
Тәжікстанда жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТЖМ сейсмологиялық болжамдық мониторинг республикалық орталығы хабарлады.
23 ақпанда Ташкент уақытымен 05:37-де Тәжікстанда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің магнитудасы M=5,8. Тереңдігі 147 км. Ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 435 шақырым жерде.
Жер сілкінісінің Өзбекстан аумағындағы байқалған күші:
- Ферғана облысында 4 балл, 227 км;
- Әндіжан облысында 4 балл, 256 км;
- Наманган облысында 4 балл, 294 км;
- Сырдария ауданында 3-4 балл, 413 км;
- Ташкент қаласында 3-4 балл, 435 км;
- Жызақ облысында 3-4 балл, 467 км;
- Сұрхандария облысында 3 балл, 509 км;
- Самарқанд облысында 3 балл, 523 км;
- Қашқадария облысында 3 балл, 614 км;
- Науаи облысында 3 балл, 666 км;
- Бұхара облысында 3 балл, 739 км.
Тәжікстандағы осы жер сілкінісінен кейін тағы 4 жер сілкінісі тіркелген.