Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстан-Өзбекстан шекарасында «Андархан» базары салынады
18:23 / 2023-03-18

Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасында «Андархан» трансшекаралық базарының іргетасы қаланды.

Құрылысты бастау рәсіміне Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмад бастаған делегация, Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров, Тәжікстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдуджаббар Рахмонзодамен екі елдің кәсіпкерлері қатысты.

5 гектар аумаққа салынатын «Андархан» базарына Өзбекстан тарапынан 8 миллион доллар бөлінді. Кешен құрамында 200 дүкен, банк бөлімшесі, мейрамхана мен асханалар, қонақ үй, логистикалық орталық болады. Мұнда негізінен Тәжікстан мен Өзбекстанда өндірілген өнімдердің сатылмақ. Бұл өзара сауда көлемін арттыруға қызмет етеді.