Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстан Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келді
13:56 / 2022-06-02

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 2 маусым күні Өзбекстанға ресми сапармен келді.

Ташкент халықаралық әуежайында оны Президент Шавкат Мирзияев қарсы алды. Мемлекет басшылары арасында қысқаша әңгіме болды.

Одан кейін Тәжікстан Президенті «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Қонаққа кешеннің мазмұны мен архитектуралық ерекшеліктері туралы айтылды.

Айта кетерлі жайт, жоғары мәртебелі қонақтардың осынау ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі дәстүрге айналған.