French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстан Премьер-Министрі Ташкентке келді
11:24 / 2021-05-14

14-15 мамыр күндері Ташкентте Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтеді.

Осыған байланысты бүгін 14 мамырда Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзода бастаған делегация Өзбекстанға сапармен келді.  

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

ӨР Премьер-Министрлігібаспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар бағдарламасында Ташкенттегі бірқатар өндірістік нысандардың қызметімен жақын танысу жоспарланған болып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылуы көзделген.