Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тәжікстан Ауғанстанмен шекарада қауіпсіздікті күшейтеді
10:21 / 2025-12-03

Душанбеде өткен үкімет отырысында Тәжікстан президенті Имомали Рахмон тәжік–ауған шекарасындағы ең кейінгі жағдайды, әсіресе қарулы оқиғадан кейін қауіпсіздікті арттыру мәселесін талқылады.

Тәжікстан басшысы Ауғанстан азаматтарының заңсыз және бұзақылық әрекеттерін қатаң сынға алғаг. Осыған байланысты ол ресми тұлғаларға мәселені шешу және осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған. 

Ақпаратқа қарағанда, жоғарыда аталған оқиға биылғы жылдың 26 қарашасында екі ел шекарасында орын алған. Сол кезде Қытайдың тау-кен компаниясының үш қызметкері Ауғанстан аумағынан дрон шабуылына ұшырап қаза тапқан.

Содан кейін ұқсас жағдай тағы да қайталанған. Соңғы бір апта ішінде аталмыш шекарада болған оқиғаларда жалпы бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алған.